Кейбіреулер тамақтанғаннан кейін сағыз шайнау дұрыс екенін айтса, енді біреулер бұл тіс пен қызыл иекке зиян екенін айтады. Сағыз - өткір иісі бар тағамдарды, пиязды және сарымсақты ұнататындар үшін көмекші құрал. Ол ауыз қуысын тамақ қалдықтарынан тазартатыны, гигиенаны жақсартатыны да айтылады. Алайда сағызды жиі шайнау керек пе? Бұл сұраққа эндокринолог Диляра Лебедева жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
"Сағыз - тіс пен ауызды тамақ қалдықтарынан тазартуда өте жақсы құрал. Оны шайнаған кезде сілекей мен асқазан сөлі пайда болады және бұл ас қорытуды жақсартады", - дейді дәрігер.
Сағыздың тағы бір пайдалы қасиеті бар. Бұл тағы бір тағам тілімін жеуге деген ұмтылысты жеңуге көмектеседі. Сағыздың пайдалы болуының жалғыз шарты - оны тамақтан кейін және ең көбі 15 минуттан cоң шайнау.
Егер адам сағызды 20 минут немесе одан да көп уақыт шайнаса, онда ешқандай пайдасы болмауы мүмкін.
"Сағыз құрамындағы қант ұзақ уақыт шайнаған кезде тіс жегісінің дамуына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан қантсыз сағызды таңдаған дұрыс", - дейді сарапшы.
Мамандар бұл тек қосымша гигиена құралы екенін ескертеді, өйткені ол тіс пастасын немесе күнделікті гигиеналық шараларды алмастыра алмайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз