Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм анасына арнап әсерлі жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің анасы биыл 84-ке толар еді.
"Амансыз ба, қымбатты оқырман! Баршаңызға Алланың сәлемі мен игілігі болсын! Тілсіз жау есеңгіреткен елімізге Алла жеңілдігін берсін. Қасиетті рамазан айының соңғы онкүндігіндеміз. Жаратушыға жалбарынып, көмегімізді жіберіп, дұға жасағаннан басқа адамның қолынан не келеді?! Көңіл алай-дүлей… Сағыныш қалдырып кеттің жүрегімде таусылмайтын… Бұл ән анама арнап жазылған болатын. Тірі болса 30 наурыз, 84-ші көктемін қарсы алушы еді. Сол туған күніне салғым келген еді.Оған ауыл-аймақты су алып жатқан аласапыранда еш реті келмеді. Әнде "Жылжиды жылдар, керуен өмір көшімен" деп басталғандай, уақыт өткен сайын қайғың кішірейгенмен, сағыныш ұлғая береді екен. Сағыныш Намазшамова сөзіне жазылған, Жанар Қожағазинаның осы әні, Өзім сияқты анасын сағынып жүрген жандарға арналсыншы", - деп жазған ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!