Сағынтаев Чехияның өнеркәсіп және сауда министрімен кездесті

Сағынтаев Чехияның өнеркәсіп және сауда министрімен кездесті
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет Үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Чехияның өнеркәсіп және сауда министрі Ян Младекпен кездесті, - деп хабарлады ҚР Премьер-министрінің баспасөз орталығы.

Кездесу барысында елдер арасындағы алдағы сауда-экономикалық ынтымақтастық келешегі, сонымен қатар жаңғырмалы энергетика, машина құрастыру, ауыл шаруашылығы, мәдени-білім беру ынтымақтастығы саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

Табысты экономикалық ынтымақтастықтың мысалы ретінде қазақстандық «Азия Авто» АҚ базасындағы «Skoda» автокөлігін құрастыру бойынша конвейерлік желі қызметін айтуға болады. 2005 жылдан бастап ҚР-дағы «Skoda» өндірісінің көлемі 69 669 млн теңге сомасында 19 888 автокөлікті құраған.

Тараптар экономиканың түрлі салаларында, соның ішінде мұнай-газ, ауыл шаруашылығы салаларында, көлік, құрылыс, автокөлік өнеркәсібі, туризм, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға әзір екенін білдірді.

Анықтама: Дипломатиялық қатынастар орнатқан сәттен бастап (1993 жылғы 1 қаңтар) Қазақстанда чехтік қатысумен 181 заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер тіркелген.  

ҚР-ның Чехиямен сауда көлемі 2016 жылғы қаңтар-қазанда 199,405 млн долларды, оған қоса 2015 жылғы сәйкес кезеңде -  222,823 млн долларды құрады. 2015 жылы – 271,855 млн доллар, 2014 жылы – 453,365 млн доллар. Қазақстан РФ мен Әзірбайжаннан кейінгі үшінші ірі мұнай жеткізуші болып табылады.   

2005 жылдан бастап 2016 жылғы бірінші жартыжылдық аралығында Чехиядан Қазақстанға тікелей инвестициялар ағымы 182,9 млн долларды құрады, Қазақстаннан Чехияға жалпы тікелей инвестициялардың жылыстауы 14,5 млн долларды құрады.

 

T. Кіршібаев