Астанада полиция жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, айналасындағылардың қауіпсіздігіне қатер төндірген Porsche көлігінің 32 жастағы жүргізушісі анықталған.
Оқиға түнде Тұран даңғылында болған. Жүргізуші белгіленген жылдамдық режимін бұзып, көлікті сағатына 197 шақырым жылдамдықпен жүргізген.
"Мұндай әрекет жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Тексеріс барысында ер адам жол қозғалысы ережесін жүйелі түрде бұзғаны анықталды. Жыл басынан бері ол 30-дан аса құқықбұзушылық жасаған, соның ішінде белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттырудың 14 дерегі бар. Жүргізуші бұған дейін бірнеше рет жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, заң талаптарын елемеген", - деді ПД өкілі.
Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!