Қазақстандық байер Жансая Махабаева әнші Ерке Есмаханның бір образы қанша тұратынын есептеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Байердің сөзінше, әншінің көйлегі шамамен 100 мың теңге тұрады.
"Өте әдемі сөмкесі 18 миллион теңге тұрады. Көзілдірігі - 250 мың теңге", - дейді Жансая Махабаева.
Оның сөзінше, Ерке Есмаханның алтын мен болаттан жасалған сағаты 6,9 миллион теңге.
"Білезігі - 2 625 000 теңге. Тағы бір білезігі 2 миллион теңге болса, қолында 2,5 миллион теңгенің тағы бір жүзігі бар. Сақиналары 1,5 миллион теңге, тағы бір сағаты 1 070 000 теңге. Тағы бір бренд сағаты 2 750 000 теңге. Алқасы 1 525 000 теңге", - дейді байер.
Сонымен, Ерке Есмаханның бір жазбасындағы образы 40,6 миллион теңгеге бағаланған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!