Қазақстандық блогер Жансая Махабаева әлеуметтік желідегі парақшасында продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі, белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы қанша тұратынын есептеп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер есептеген сома айтарлықтай көлемде шықты.
"Енді отандық бизнесмен, сәнді киім үлгісімен танымал Тұрсен Алагөзовтің мына образы қанша тұрады деп ойлайсыздар? Әдеттегідей киімінен бастайық, күртешесі Prada брендінен, бағасы - 1 миллион 143 мың теңге. Жемпірі шамамен 797 мың теңге. Джинсі Louis Vuitton брендінен, бағасы шамамен - 957 мың теңге.
Мына мойынорағышы Louis Vuitton брендінен, бағасы шамамен - 415 мың теңге.Аяқкиімі Prada брендінен, бағасы - 452 мың теңге. Көзілдірігі де Prada брендінен, бағасы - 213 мың теңге. Ал енді әшекейлеріне көшейік. Мына қолындағы білезігі Cartier брендінің Juste un Clou топтамасынан екен, қалыңдауының бағасы шамамен - 4 миллион 598 мың теңге. Ал мына сағаты Patek Philippe брендінен, толықтай алтыннан жасалған, бағасы - 100 миллион 453 мың теңге.
Сонымен барлығы - 109 миллион 28 мың теңге", - деді блогер.
Еске салайық, бұған дейін Баян Мақсатқызының бір күндік образы қанша тұратыны хабарланған болатын.
"Білезігінің өзі - 37 миллион". Әсел Сәдуақасованың бір күндік образы қанша тұрады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!