Сағаттап тұрады: Астанаға кіреберістегі ұзын-сонар кептеліс әуеден көрсетілді

Сағаттап тұрады: Астанаға кіреберістегі ұзын-сонар кептеліс әуеден көрсетілді
Фото: Tengrinews.kz

Бірнеше күн қатарынан астаналықтар қалаға кіреберістегі ұзын-сонар кептеліске шағымданып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, кептеліс алғаш рет бірнеше күн бұрын пайда болған және содан бері күн сайын жүздеген адам жолда сағаттап тұруға мәжбүр.

Кадрлардан байқауға болады, кептеліс Қарағанды тасжолынан бастап қалаға дейін созылып жатыр. Видеоны түсірген автордың айтуынша, кей уақыттарда қарсы бағытта да дәл осындай жағдай қалыптасады.

"Түскі уақытта жолға шыққан таныс бір азаматты жолықтырдық. Ол бауырының сол кептелісте екі сағаттан бері тұрғанын айтты", – делінген видео авторларының сөзінде.

Біздің сұрағымызға жауап берген Полиция департаменті кептелістің себебі – тасжолда жүріп жатқан жөндеу жұмыстары екенін мәлімдеді. Бұл жағдай қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз.

Сондықтан, жөндеу жұмыстары аяқталғанша, жүргізушілерге ұзын-сонар кептеліске шыдамдылық танытуға тура келеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан
Logotype Massaget