- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Садыр Жапаров Астанаға...
Садыр Жапаров Астанаға келді
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Астанаға келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Садыр Жапаров 3-4 шілде аралығында өтетін ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді. Елорда әуежайында Қырғызстан президентін ҚР Үкіметінің басшысы Олжас Бектенов қарсы алды.
Қазақстан мен Қырғызстан берік одақтас ретінде екіжақты өзара қарым-қатынас орнатып, елдер арасында оларды тереңдету және кеңейту туралы тиісті шартқа қол қойылған.
Өзара тауар айналымы тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2019-2023 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 67,3 пайызға артып, 572 миллион долларға жетті.
ШЫҰ саммиті аясында Орталық Азия бойынша, оның ішінде энергетика, қауіпсіздік және басқа да салалардағы әлемдік ынтымақтастық мәселелері қозғалады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова