- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Sadraddin
Садраддинмен дуэт орындаған әнші енді ешкіммен ән жазбайтынын айтты
Танымал әнші Садраддинмен дуэт орындап, хит болған әнші Ильхан Ихсанов бұдан кейін ешкіммен дуэт айтпайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл туралы Revue News бағдарламасында сөз қозғады.
"Соңғы рет Садраддинмен дуэт жаздық. Одан кейінгі дуэт әзірге жоспарда жоқ", - деп қысқа қайырды Ильхан Ихсанов.
Айта кетейік, жас әнші Ильхан Ихсанов кейінгі екі жылда 20-ға жуық ән шығарған. Барлығы дерлік жастар арасында хитке айналып үлгерді. Садраддинмен бірігіп жазған "Аман болшы сүйгенім" синглі тыңдарманның ыстық ықыласына ие болған болатын.
Әншінің айтуынша, көктемге дейін көп туынды шығару жоспарда бар. Бірақ біреумен дуэт орындағысы келмейді екен.
"Дуэт мүлде болмайды, релиздер көп болады. Көктемге дейін тыңдарманның ығырын шығарамын", - деді ол.
Еске салайық, әнші жақында Қазақстанның көптеген өңірінде соло концерт өткізіп бастады. Көктемде Алматы қаласында жеке кешін өткізуді жоспарлап отырғанын айтқан болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева