Садақа мен қайырымдылыққа ақша жинайтындар қалай тексеріледі?

Садақа мен қайырымдылыққа ақша жинайтындар қалай тексеріледі?
Фото: silkwaytv.kz

Кірістер комитеті мобильді аударымдар арқылы садақа мен қайырымдылық шараларына жиналған қаржының қалай бақылауға алынатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлының айтуынша, қайырымдылық ол -  кәсіпкерге түсетін қаржы емес. 

"Мобильді аударымдар арқылы садақа, қайырымдылық және ем-шараларына қаражат жинап жатады. Бұл - кәсіпкерлік мақсатта жиналып жатқан қаражат емес. Сәйкесінше, ол салықтандыруға жатпайды, тек кәсіпкерлік мақсаттағы аударымдар жатады. Емге жинап жатса, оны құжаттар арқылы растай алуы керек. Оларға хабарлама жолданса, ол тұлғалар құжат бойынша әрекеттерін растауы тиіс. Олардан жеке табыс салығы алынбайды. Хабарлама салық төлеушінің кабинетіне барады. Ол жерде түсінік беру деген батырма бар. Сол жерге құжаттарын жолдайды", - деді Ерсайын Көптілеуұлы.


Осы жылдың қаңтарынан бастап елімізде мобильді аударымдарды бақылау жолға қойылды. Егер үш айда 100 тұлғадан 255 мың теңге қаражат мобильді аударым арқылы шотыңызға түссе, кәсіпкерлік бойынша салық төлемегеніңіз үшін салық комитеті есеп сұрайды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Бақдаулет