- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сабырлы едім". Әнші...
"Сабырлы едім". Әнші Дильназ Ахмадиева балалық шағының қызығын бөлісті
Танымал әнші Дильназ Ахмадиева әлеуметтік желідегі парақшасында балалық шағын еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің айтуынша, ол өнерге бала күнінен жақын болған.
"Бала кезімнен ата-анам мені үлкен сүйіспеншілікпен өсірді. Біз бірге көп уақыт өткіздік: ойнадық, күлдік, әзілдедік, бұл ең жақсы уақыт болды.
Мен сабырлы бала едім, бірақ мектепте іс-шараларға көп қатысатынмын. Мен қолымнан келгеннің бәріне қатыстым: көріністер, ән айту, іс-шаралардағы қойылымдар.
Анам мен өзімнің қызығушылығының арқасында көптеген үйірме мен секцияларға қатыстым", - деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Дильназ Ахмадиева ажырасып кеткенін айтқаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жүкті кезде қандай музыка тыңдау керек?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә