Алматы қаласы Наурызбай ауданының тұрғыны әкім Ерболат Досаевпен кездесуде көзіне жас алып, эмоцияға ерік беріп, проблемасын шешіп беруді сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Лаура есімді тұрғынның сөзінше, ол мүгедек деген құжатты алу үшін алты жыл бармаған жері қалмаған.
"Мені лақтырып жіберді. Мен жұмысқа да жарамаймын. Сабыр сақтамаймын, сабыр сақтап болдым. Менің балама тегін балабақша берсін. Өзім мүгедекпін. Пәтер жалдап жүрмін қаңғырып. Үйді салып жатырсыздар. Кім үшін салып жатырсыздар? Арзанырақ пәтер бар ма десем, "70 мың, төрт баламен алмаймын" дейді. Сіздер сияқты үйіміз жоқ. Дүкенге барған сайын қымбатшылық. Әкім де адам шығар, жүрегі бар шығар?", - дейді қала тұрғыны Лаура.
Досаев қала тұрғынының мәселесін шешіп беруге қажет органдарға тапсырма беретінін айтты.
"Ауданда бастапқыдан жетпей жатқандықтан жаңа аурухана саламыз. Бір жылдан аса уақыттан бері әкім қызметіндемін. Наурызбай ауданына көңіл бөлу керегін айтқан болатынмын. Сізден басқа да бес балалы аналар келіп жатыр, осы қаладағы жалғыз ана емессіз. Әкім мен аппарат басшысы бар. Қандай ұсынысыңыз бен сұрақтарыңыз бар? Қандай көмек керек? Жыламаңыз. Жолын тауып, басқарма басшысына, әкімге тапсырма беремін. Тағы көмек қажет болса көмектесемін. Тапсырма беремін", - деп түсіндірді қала әкімі Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!