Үкімет пен әкімдер қала және ел ішіндегі, яғни ірі немесе шағын қалалардан тысқары жолдардың сапасына баса назар аударуы керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті тапсырма берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы сөз ірі немесе шағын қалалардан тысқары жолдар туралы болып отырғанын түсіндірді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада "Таза Қазақстан" акциясына қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
"Бұл - біздің ең осал тұсымыз, оны мойындаған жөн. Мұны ешкім шеше алмады немесе шешуге құлық танытпады. Масқара жағдай. Оны саботаж деуге болады. Заң аясында қатаң шаралар қолданамыз", - деп атап өтті Президент.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!