- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сабина Алтынбекова күйеуімен...
Сабина Алтынбекова күйеуімен түскен суреттерін не үшін өшіріп тастағаны белгілі болды
Танымал қазақстандық волейболщы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желіде күйеуімен түскен суреттерін неге өшіріп тастағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Спортшының оқырмандары ол не үшін суреттерді өшіріп тастағанын түсіндірген. Сабина Instagram-да жауап берді.
"Саятпен (күйеуі-еск.) түскен суреттерімізді жарияласақ бір нәрсе өзгеретінін байқай бастадық. "Көз тию" деген түсінік бар. Сондықтан бірге түскен суреттерімізді сирек бөлісеміз деп шештік. Сондықтан алып-қашпа әңгіме шығарудан аулақ болуларыңызды сұраймын", - деп жауап берді Сабина.
Еске салайық, 2020 жылдың соңында Сабина Алтынбекова тұрмысқа шыққан болатын. 2021 жылдың қазанында ұлы өмірге келді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина