"Forbes" журналының ең бай спортшы тізімінде 11 орынға жайғасқан отандасымыз Сабина Алтынбекова туралы желіде қауесеттер тараған еді. Спортшы бұл сұраққа "Ревю" бағдарламасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Волейболшы, Сабина Алтынбекова 2020 жылы кәсіпкер Саят Салманұлына тұрмысқа шығып, 2021 жылы ерлі-зайыпты ұлды болған. Бірақ, соңғы кездері Сабина расымен ажырасып кетті ме? - деген қауесет тарады. Спортшы әлеуметтік желіде фотоларды өшіруге өзіндік себеп бар бірақ ажырасу туралы әңгіме өтірік екенін айтты.
"Мен бұл сұрақтың жауабын өзімнің instagram парақшама жариялағанмын. Бұл қауесет өтірік. Бізде бәрі жақсы. Жақын уақытта бірге түскен әдемі фото, видеоларды шығарамын. Ал желіден бірге түскен суреттерді алып тастадым, себебі бізге көз де, сөз де тигенін қаламаймын", - дейді спортшы.
Еске салайық, бұған дейін Сабина Алтынбекова әлеуметтік желіде күйеуімен түскен суреттерін неге өшіріп тастағанын жазған болатынбыз.
"Саятпен (күйеуі-еск.) түскен суреттерімізді жарияласақ бір нәрсе өзгеретінін байқай бастадық. "Көз тию" деген түсінік бар. Сондықтан бірге түскен суреттерімізді сирек бөлісеміз деп шештік. Сондықтан алып-қашпа әңгіме шығарудан аулақ болуларыңызды сұраймын", - деген еді Сабина.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!