Жақында ғана сәбилі болған танымал әнші Ерке Есмахан өнерге қатысты жоспарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде әншінің оқырмандарының бірі оның шығармашылығына қатысты сұрақ қойды.
"Алда жоспарда тойға шығып ән айтып, концерт беру ойыңыздар бар ма?" - деп сұраған оқырман.
Өнер иесі алда жоспары көп екенін жасырмады.
"Әрине, Алла бұйыртса жоспар көп, бәрі болады және көптен армандаған жеке концертімді де келесі жылы жасайтын сияқтымын", - дейді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Raim мен Ерке Есмахан ата-ана атанып, ұлдарына Ислам деген есім қойғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!