- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Балалы болу
“Сәбиді дүниеге әкелмек“. 76 жастағы әжейдің жүктілігі желіні шулатты
Желіде "жүктіліктің 12-ші аптасындамын" деп мәлімдеген 76 жастағы америкалық әйелдің видеосы тарады. Әйелдің шөбересінің айтуынша, ол баланы дүниеге әкелмек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The Sun-ға сілтеме жасап.
Егде жастағы әйел үнемі басы айналатынына шағымданып, ауруханаға барған, онда оның жүктіліктің 12-ші аптасында екені анықталған.
Әжейдің шөбересі желіге дәрігердің егде жастағы әйелге тосын жаңалықты айтып жатқан кезі түсірілген видео жүктеді. Бұл жаңалық желі қолданушылардың арасында қызу талқыға түсті. Адамдар мұның қалай мүмкін екенін сұрап жатыр.
"Біз сіздің зәр анализіңізді алдық, сіз жүктісіз", - дейді дәрігер видеода.
- Не?"- деп таңғалды қарт әйел.
Егер дәрігерлер қателеспесе және америкалық әйел баланы дүниеге әкелсе, әлемдегі ең қарт ана рекорды жаңарады.
Видеосы төрт күннің ішінде 40 миллионнан астам қаралым жинаған әйелдің шөбересінің айтуынша, бала осы жазда, шілдеде дүниеге келуі керек.
Медициналық тәжірибеде 70 жастан кейін әйелдердің бала тууының бірнеше жағдайлары белгілі. Олар ЭКҰ процедурасынан кейін жүкті болған.
Гиннестің рекордтар кітабына сәйкес, табиғи жолмен жүкті болған ең қарт ана - Ден Брук, ол 59 жасында ұл туды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә