Жетісу облысында кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция департаментінің алдын ала мәліметіне сәйкес сабақтан кейін сыныптастар арасында жанжал туындап, жасөспірімдердің бірі дене жарақатын алып, кейін көз жұмған.
"Күдікті ұсталып, заңды өкілдерімен бірге полицияға жеткізілді. Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетін тиісінше орындамау дерегі бойынша білім беру ұйымының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды (соталды тергеу басталды - еск.)", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу барысы Жетісу облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жарияланбады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова