- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сабақтан қашып кете...
"Сабақтан қашып кете алмайсың". Павлодар облысында мектептен бір ғана түлек түлеп ұшты
Кеше, 1 маусымда Павлодар облысындағы Төртқұдық ауылындағы мектептен бір ғана түлек түлеп ұшты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Еуразия" телеарнасына сілтеме жасап.
Данияз Төребаев - биыл мектепті аяқтап жатқан жалғыз түлек. Мектеп бітіру кешіне оған сыныптастары емес, өзінен 1 сынып төмен оқитын достары келген.
"Жалғыз оқу қиынырақ, кез келген жағдайда үй тапсырмасын орындау керек, ештеңені жіберіп алмау керек, сабақтан қашып та кете алмайсың, қалуға да болмайды", - дейді Данияз.
Ауыл мектебінде барлығы 26 бала оқиды. Олар өздеріне мереке ұйымдастырған. Телеарна мәліметінше, Төртқұдық ауылында биыл 1-сыныпқа бірден 10 бала келеді. Оның алтауы орыс сыныбына, қалғаны қазақ тілінде оқытатын сыныпқа барады.
Мектеп директорының айтуынша, бұл - сенсация.
"Бізде 12 мұғалім бар. Оның 10-ы осы мектепте оқып, грантқа түсіп, туған мектебіне оралған мектебіміздің түлектері. Былтыр екі жас маманды шақырдық. Біздің мектебіміздегі жағдайға қарамастан олар қалды, яғни бізбен жұмыс істейтін болды", - дейді Төртқұдық ауылдық мектебінің директоры Сәуле Смақаева.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек