Қызылорда облысының Жалағаш ауданындағы мектептерде порносайт көруге еш тосқауыл болмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аудандық прокуратура сондай келеңсіздіктің бірін Жаңаталап ауылынан анықтады. №119 орта мектепте біреулер сабақ уақытында порносайт іздеген.
Аудандағы басқа оқу ошақтарында да порнография, құмар ойындар сайттары, заңды жолмен тыйым салынған басқа да дүниелер ашық түрде қолжетімді болған. Шын мәнінде бұларды шектеу қиын емес. Мұндай қызмет түрін "Қазақтелеком" ұсына алады.
"Аудандағы барлық 20 мектеп басшылығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабының 7-2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, оларға 345 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал 8 мектеп байланыс операторымен жаңа шарт жасасса, 12 мектеп үшін бюджеттен 7,5 миллион теңге бөлінді", - деп мәлімдеді облыстық прокуратура.
Олқылықты жаңа оқу жылы басталғанша жою міндеттеліп отыр.
Назерке Саниязова
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!