- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сабақ оқуға ынтасы...
"Сабақ оқуға ынтасы болмады". Ерке Есмаханның ұстазы әнші туралы шындықты айтты
Әнші Ерке Есмаханның ұстазы өнер иесінің мектепке де сабаққа да ынтасы болмағанын жеткізді. Бұл туралы ол Қыздар-ай бағдарламасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еркенің алғашқы ұстазы, Білім беру ісінің үздігі – Ләззат Нұрмахан. Ол әншіге 4 жыл ұстаздық еткенін айтты.
"Ұстаздық жолда жүргеніме – 38 жыл. Соның төрт жылы халыққа кеңінен танымал Ерке Есмаханға ұстаздық етумен өтті. Өте қатал мұғалім болдым. Өз балаларымды да аямай ұрып алатынмын. Мен келін болып түскен кезде Ерке алты жаста еді. Алғаш әріп үйретіп, қалам ұстатқан алғашқы ұстазымын. Атына заты сай, өте ерке болды. Мектепке баруға, сабақ оқуға ынтасы болмады. Бір үйде тұрғандықтан, мектепке жетектеп алып кетемін. Үйден шығуға дайындалып жатсақ, мамасының артына тығыла қоятын. Сол жерден шықпай отырып алатын. Атамыз кішкентайынан музыкалық мектепте оқытты. Қызының әнші болғанын жан-тәнімен қалаған кісі. Ерке менің тәрбиемдегі қыз болды", – деп еске алады.
Тәжірибелі ұстаз әншінің жастайынан сахнаға ұмтылғанын жеткізді.
"Бала күнінен өнерге жақын өсті. Сахналарда ән айтып жүретін. Өте ұмытшақ бала болды. Бірде туфлиін тастап кеткен, бірде сахнаға киетін көйлегін тастап кеткен. Сол қыздың артынан жинап, киім-кешегін реттеу менің жауапкершілігімдегі іс болатын. Сахнаның сыртында Еркені дайындап жатсам: “қызыңыз ба?” деп сұрайтын: “қайын сіңлім” десем, мамасынан артық дайындап келіпсіз деп таңғалатын. Мектеп бітіргенше соңында жүріп, оқуға түсірдім. Мені “Ләзтапа” деп атайды. Дүние алма-кезек деген рас екен. Өзімнің қыздарым Алматыға оқуға түскенде Ерке бас-көз болып, тәрбиелеп, адам қатарына қосты", – дейді әншінің жеңгесі.
Ең қызығы, Ерке Есмаханның баласының да алғашқы ұстазы Ләззат апай екен.
"Тағдырдың жазуымен Мүсілім кішкентайынан біздің әулетте өсті. Мектеп жасына жеткенде жекеменшік мектепке оқытқысы келді. Бірден қарсы болдым. Жекеменшік мектепте білім алған баланың деңгейі төмен болады. Мектептің атағы балаға білім болмайды. Мүсілім де жалпы білім беретін мектепте білім алып жатыр", – дейді білім берген ұстазы.
Айта кетейік, әнші Ерке Есмахан өзінің жүктілігі туралы құпиясын бөлісті. Бұл туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы