"Сабақ бергенмін". Нұрлан имам алғаш рет жұбайымен қалай танысқанын айтты
Фото:
видеодан алынған кадр
Имам Нұрлан Байжігітұлы жұбайымен қалай танысқанын айтты. Ол бұл туралы "Алғашқы" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, жұбайына сабақ берген. Сол арқылы танысып, отбасын құрған.
"Ол кісімен Жамбыл ауданында болған кезде таныстым, өзім сабақ бергенмін. Тағдыр шығар, қосылдық. Анасы марқұм жақсы кісі еді, әкесі де. Бұйрық екен, үйлендік", - деді ол.
Сондай-ақ, имам қанша кездесуден кейін шаңырақ көтергендерін айтты.
"Күнде сабақ бердім. Күнде көріп, сөз байлап, нәсіп екен, үйлендік", - деді имам.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова