Оқу жылы басталарда баланың денсаулығын тексерту маңызды. Себебі оқу жылымен бірге күз маусымы басталады. Жабық сыныптың ішінде отыз шақты оқушы отырады. Оған қоса, оқу жүктемесі бар. Мұның барлығы балада түрлі проблемалардың пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Педиарт Екатерина Успенская оқушының денсаулығын қалай қорғау керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Аif.ru-ге сілтеме жасап.
Оқу жылының алдында мектепке немесе балабақшаға бірінші рет баратын балалар мамандардан міндетті тексерістен өтеді. Бірақ тек бірінші сынып оқушылары емес, барлық оқушы дәрігерлерге тексерілген дұрыс.
"Бірінші кезекте офтальмологқа және ортопедке бару керек. Себебі мектепте сабақ кезінде және үйде үй жұмысын орындау кезінде көру мен дене мүсіні бұзылуы мүмкін", - дейді маман. - Стоматологқа бару да артық етпейді, әсіресе бастауыш сыныптары оқушыларының сүтті тістері тұрақты тіске ауысады. Сондай-ақ жалпы қан мен зәр анализін тапсыру, D дәрумені, темір және глюкоза деңгейін тексеру керек. Әдетте бала оқу жылы бойы ауырып шығады, ол көбіне темір немесе D дәруменінің жетіспеушілігінен болады".
Оқушының иммунитетін қатайту маңызды.
"Иммунитетті қатайту - шынығу, таза ауада серуендеу және құрамында дәрумендері мен микроэлементтері бар дұрыс рацион. Баланың күйзеліске төзімділігін арттыру маңызды, оның мектепке бейімделуін жеңілдетіңіз, себебі күйзеліс - ауырып қалуға әсер ететін фактор", - дейді Успенская.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!