Рыбакина Қытайдағы турнирде қанша табыс тапты?

Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайда өткен Ningbo Open турнирінде екінші жыл қатарынан топ жарды. Бұл жеңісі үшін спортшы қомақты ақшалай сыйлыққа ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нинбода өткен халықаралық теннис турнирінің финалында Рыбакина канадалық Лейла Фернандесті 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Турнир ұйымдастырушыларының мәліметінше, 2026 жылы жекелей сындағы жалпы жүлде қоры - 1 миллион 206 мың доллар (шамамен 544 миллион теңге).

Ал жеңімпазға 185 мың доллар (83 миллион теңгеден астам) тиесілі.

Скриншот: perfect-tennis.com

Елена Рыбакина - Нинбодағы халықаралық теннис турнирінің екі дүркін жеңімпазы

Былтыр қазақстандық спортшы финалда Екатерина Александрованы 3:6; 6:0; 6:2 есебімен тізе бүктірген болатын. Бұл олжа Рыбакинаның WTA аясындағы 10-шы титулы болды.

Ал биылғы турнирде әлемнің бірінші ракеткасы бас жүлдеге барар жолда алдымен өзбекстандық Полина Кудерметованы мерзімінен бұрын жеңсе, кейін польшалық Катажина Каваны да қапы қалдырды.

Ал жарты финал матчте Польша өкілі ресейлік Диана Шнайдерден басым түсті.

Елена Рыбакина қатысатын келесі турнир Токиодағы Toray Pan Pacific Open болады деп күтіледі. Ол 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз