Рыбакина Андрееваны басып озып, финалға шықты

Рыбакина Андрееваны басып озып, финалға шықты
Фото: ҰОК

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарттағы (Германия) WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалында Мирра Андрееваны жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның үздік теннисшісі әлемнің тоғызыншы ракеткасын екі сетте — 7:5, 6:1 есебімен артта қалдырды. Матч 1 сағат 19 минутқа созылды.

Штутгарттағы турнирдің финалында Елена Рыбакина әлемнің үздік теннисшілері рейтингінде 12-орында тұрған чехиялық Каролина Муховамен кездеседі.

Кездесу 19 сәуірде Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де өтеді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Tennis Federation (@ktf.kz) жарияланымы

Еске салайық, 1/8 финалда қазақстандық спортшы әлемнің 19-ракеткасы Диана Шнайдерді 6:3, 6:4 есебімен жеңген болатын. Ширек финалда Рыбакина басым түсіп, әлемнің 25-ракеткасы Лейла Фернандесті үш сетте — 6:7, 6:4, 7:6 есебімен артта қалдырды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget