Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасына айналуға бір қадам жақындады

Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасына айналуға бір қадам жақындады
Фото: WTA

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атану мүмкіндігі туралы пікір білдірді. Бұл туралы ол US Open турнирінің үшінші айналымында украиналық Юлия Стародубцеваны жеңгеннен кейін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

– Әлемнің жаңа бірінші ракеткасы атануыңызға небәрі екі матч қалды. Бұл мақсатқа әлі жеткен жоқсыз, бірақ күн өткен сайын жақындап келесіз. Қазір қандай сезімдесіз?

"Әлі жеткен жоқпын. Бұл мақсат әлі де алыс. Қазір бар назарымды келесі матчке аударып, басқа нәрсені ойламауым керек. Не болса да, әр ойында барымды салуға тырысамын. Ойыннан ләззат алып, аяғына дейін күрескім келеді. Осы мақсатыма жақын арада жетемін деп үміттенемін. Егер олай болмаса, күресуді жалғастырып, кейін тағы байқап көремін. Оның айтарлықтай маңызы жоқ", – деді Рыбакина матчтен кейін.

US Open Рыбакинаның мансабындағы ең ірі жеңісі болуы мүмкін

Еске салайық, әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші АҚШ-та өтетін "Үлкен дулыға" турнирінде бұған дейін төртінші айналымнан әрі аса алмаған. Егер Рыбакина биыл жартылай финалға дейін жетсе, әлемнің бірінші ракеткасы атанатынына кепіл бар.

Қазақстандық теннисші бұл биікке өзі жеңіске жетпей-ақ көтерілуі мүмкін. Ол үшін Джессика Пегула, Коко Гауфф және Арина Соболенконың кез келгені жарыстан сүрінсе жеткілікті.

Әзірге әлемнің бірінші ракеткасы атануға үміткер төрт теннисшінің бәрі жарысты жалғастырып келе жатыр.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Elena Rybakina 🐠 (@lenarybakina) жариялаған жазба

Ширек финал жолдамасы сарапқа салынатын матчте Рыбакина әлемнің 13-ші ракеткасы жапониялық Наоми Осакамен кездеседі. Матч 7 қыркүйекте Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget