Әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Ningbo Open турниріндегі жеңісінен кейін Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингіндегі орнын нығайтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Рейтингтің бұған дейінгі жаңартуында қазақстандықтың еншісінде 9196 ұпай болған еді. Алайда сәтті өнер көрсетіп, титулды жеңіп алғаннан кейін оның көрсеткіші 9501 ұпайға дейін өсті.
Енді Рыбакина беларусьтік теннисшіден 1951 ұпай алда тұр. Соболенконың активінде 7550 ұпай қалды.
Бұл - Еленаның Қытайда өткен Ningbo Open турнирінің финалындағы жеңісінен кейін болған жағдай. Рыбакина чемпиондық атағын қорғап, канадалық Лейла Фернандесті 6:2; 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Еске салайық, теннисші өз мансабында алғаш рет әлемдік рейтингті US Open турниріндегі жеңісінен кейін, 14 қыркүйекте ресми түрде бастаған болатын.
Рыбакина кәсіби теннис жолын 2016 жылы бастап, 10 жыл ішінде WTA-ның 15 титулын жеңіп алды. Олардың ішіндегі ең бастылары – Уимблдон-2022, 2025 жылғы Қорытынды турнир, Australian Open 2026 және US Open 2026 жеңістері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз