Желіде америкалық пен африкалықтың қазақ тілінде сөйлесіп тұрған видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видео Instagram-парақшалардың бірінде пайда болды. Онда америкалық пен африкалық ер адамдар қазақша тілдесіп тұр.
Африкалық ер адам америкалықтан "қазақша сөйлейсіз бе?" деп сұрайды. Америкалық Рауан қазақ тілінде сөйлей алатынын, Қазақстанға 20 жыл бұрын келгенін айтады. Рауанның шын есімі - Рональд.
Ал африкалық ер адам өзін Әбдікәрім деп таныстырады.
"Менің руым - қоңырат. Аман болыңыздар, жарайсыздар. Бәріңе сәлем, ағайындар", - дейді ол.
Желі қолданушылары шетелдіктердің қазақ тілінде еркін сөйлеп тұрғанына тәнті болып, түрлі пікір қалдырған.
"Қазақ болып, қазақша сөйлей алмайтындарға сабақ", "Біздің қазақша білмейтін депутаттар көрсін", "Қазақ тілін құрметтеп тұрғанына рақмет", "Ой, айналдым,,керемет. Кейбір қазаққа сабақ болар. Шеттен келгендер біздің тілде сайрап тұр ,тұрғылықты жерлестеріміз қазақша сөйлеуге намыстанады. Кішкентай балаларға орыс тілінде сөйлейді, "Үйренгісі келгендер үйренеді. Әр түрлі сылтау айтып сөйлегісі келмейтіндерге сабақ болсын", - деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!