Танымал әнші Рүстем Нұржігіт қазір шығармашылық дағдарыста жүр екен. Ол танымал журналист Дана Нұржігіттен бұл кезеңнен шығуға көмектесуін сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Дана Нұржігіт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Қымбатты оқырмандарым, қайырлы күн. Бұл менің туған бауырым Рүстем Нұржігіт. Бүгінге біз коучинг сессия жоспарлап жатырмыз. Рүстемге сұрақ қою арқылы өміріндегі кейбір тұстарында көмек боламын ба деген үмітім бар. Рүстем сен не ойлайсың, қандай сұранысың бар?", - деген әпкесіне әнші: "Қазіргі кезеңде басымнан бір шығармашылық дағдарыс кезеңі өтіп жатыр. Сол себептен осы сессияда дағдарыстан қалай өту, қалай шығу керегін, қандай жолдарды іздеп табуға болатыны туралы сұрағым келеді", - деп жауап берді.
Танымал журналист Дана Нұржігіттің айтуынша, коучинг сессияда адамға бағыт бағдарын анықтауға көмектесетін түрлі тәсіл бар.
"Кейде расында да өзіңе өзің сауатты сұрақ қойып отырып бағытыңды анықтай аласың. Коучинг осы жерде керемет көмекші болады. Рүстемнің нәтижесін бірге көретін боламыз", - деп оқырмандарын қызықтырып қойды журналист.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз