- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Рүстем Қайыртайұлы ...
Рүстем Қайыртайұлы биіктен көрінді
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылында «Туған жерге туыңды тік» тақырыбында өткен халықаралық ақындар айтысы өз мәресіне жетті.
Жыр додасына Ринат Зайытов, Жансая Мусина, Рүстем Қайыртайұлы, Қуаныш Шарманов, Қалижан Білдәшов, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Әсем Ереже, Мақсат Аханов, Шұғайып Сезімхан, Төлеген Жамановтармен бірге Қытайдан Жарқынбек Бердібекұлы, Моңғолиядан Ерлан Дәулетұлы қатысты. Халықаралық айтыс Тастекеевтер әулетінің толықтай қаржыландыруымен Тарбағатай ауданының Екпін ауылында өткізілді.
Тартысты жыр додасында бас жүлдені (2 млн теңге) Рүстем Қайыртайұлы алса, 1-орынды Ринат Зайытов (1 млн теңге) иеленді.
Рүстем ақтық сайысқа дейін Аспанбек Шұғатаевты жеңсе, Ринат Зайытов Мұхтар Ниязовтан басым түскен болатын. Сондай-ақ 2-орынды Жансая Мусина (750 000 теңге), жүлделі 3-орынды Жарқынбек Бердібекұлы (500 000 теңге) жеңіп алды.
Мұхтар Ниязов және Аспанбек Шұғатаев 300 000 теңгеден арнайы сыйлыққа ие болды. Ақсуат айтысының степендиясы 100 000 теңгеден бір жыл бойы екі ақынға - Калижан Білдəш пен Шұғайып Сезімxанға тағайындалды.
Жеңіс құтты болсын!
М. Ақан