Рүстем Жүгінісов інілерінің қате әрекетін көргенде оларға Пайғамбарды үлгі етіп, насихат айтатынын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Рүстем Жүгінісовтен Instagram-дағы оқырмандарының бірі "Інілеріңізге насихат айтып жүресіз бе? Жауап берсеңіз" деп сұраған.
"Бізде қазақта "Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады" дейтін сияқты сөз бар ғой. Әрине, дұрыс емес нәрсесін, жаман бір қылықтарын көрсең, "Бауырым, мына жер дұрыс емес. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мұндайдан қайтарған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл жерде осылай істеген, бұлай істемеген" деген сияқты айтасың ғой. Сол сияқты Пайғамбарымызды үлге ете отыра, бір-бірімізге осылай, әрине, насихаттар жасап тұруымыз керек. Мен де насихатқа мұқтажбын. Біз әрқайсымыз мұқтажбын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сияқты мінсіз емеспіз. Сондықтан да біз әрдайым насихат айтып жүруіміз керек және саған насихат айтатын бауырың болса, "Әлхамдулиллаһ" деуіміз керек", - деді Рүстем Жүгінісов.
Еске салайық, бұған дейін продюсер Айнұр Жүгінісова құрсағына біткен кезде үлкен ұлы Рүстем Жүгінісов алғаш дінді мойындатқанын және кейін намазға "әкелгенін" айтқан еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз