Рустам Баялиев Президент әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды

Рустам Баялиев Президент әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Рустам Баялиев Президент әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Баялиев туралы не белгілі?

Ол 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Мемлекеттік басқару академиясын бітірген,  мамандығы - халықаралық журналист, экономика бакалавры, экономика магистрі.

Еңбек жолын Қаржы министрлігінде Мемлекеттік салық комитетінің маманы болып бастаған. Әр жылдары Қаржы министрінің көмекшісі-департамент хатшылығының меңгерушісі, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, Индустрия және сауда министрлігінде департамент директоры, комитет төрағасының орынбасары,  Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы, "Астанаэнергосервис" АҚ басқарма төрағасы, Алматы облысының ат спорты федерациясының басшысы қызметін атқарды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget