Руслан Желдібай Президенттің көмекшісі - Президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Руслан Желдібай 2025 жылғы 17 ақпаннан бері Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы, ал 2025 жылғы қыркүйектен бері Президенттің көмекшісі - Президенттің баспасөз хатшысы болды.
2023 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында Президент әкімшілігі басшысының орынбасары - Президенттің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!