Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары - Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімімен Асат Нұрпейісов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Асат Нұрпейісов
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!