Шымкент әкімінің орынбасары қызметін атқарған, қастандықтан аман қалған Руслан Берденов қызметінен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Руслан Берденов қызметін өз қалауымен босатқаны белгілі болды. Ол бұл лауазымды 2025 жылғы ақпаннан бері атқарып келген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Руслан Берденовке жасалған қастандық
2025 жылғы 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Ота шамамен төрт сағатқа созылған. Күдікті Ернар Жиембай қастандықтан кейін ұсталды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 1-бөлігі бойынша ("Адам өлтіруге оқталу") айыпталған.
Берденовтің жүргізушісі Мейрамбек Қалымбетов сотта шабуыл жасаған адамды көлікпен қағып тоқтатқанын және сол күнгі оқиғаның толық хронологиясын айтып берді.
Шымкент әкімінің орынбасарына қастандық жасау ісі бойынша негізгі сот процесінің басталуы туралы репортажды сот залынан оқуға болады.
Сот отырысында Руслан Берденов бұрын Жиембайды бар болғаны үш рет көргенін айтты. Сондай-ақ зардап шеккен шенеунік сотталушыға сөзін арнады және қастандықтан қалай аман қалғанын баяндады.
Сот үкімімен Жиембай орта қауіпсіздіктегі колонияға 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сотталған адам жәбірленушінің пайдасына 30 АЕК (2025 жылы – 117 960 теңге) өтемақы төлеуге міндеттелді.
Руслан Берденовтің өмірбаяны
2006 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "менеджмент" мамандығы бойынша бітірген.
2009 жылы КИМЭП университетінде іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2005 жылы "Сеймар Групп" холдингінің Almaty Kus компаниясында бастаған.
2007–2010 жылдары Procter & Gamble LLP компаниясында бас логистикалық координатор қызметін атқарған.
2010–2012 жылдары EASTCOMTRANS ЖШС-де жылжымалы құрамды жалға беру бөлімінің басшысы болған.
2012–2018 жылдары Қазақстандағы ең ірі 50 жеке компанияның қатарына кіретін фармацевтикалық Akniet Pharmaceuticals компаниясын басқарған. Компания ел бойынша 282 Europharma және Arzan pharm дәріханалар желісін қамтиды.
2018–2019 жылдары "Ақ Ниет" ЖШС-нің бақылау кеңесінің мүшесі болды.
2019–2023 жылдары Aq Niet Group бақылау кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Шымкент әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін Мәжіліс депутаты болған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек