Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов қайта отаға дайындалып жатыр. Бұл туралы оның өкілі Жеңіс Тыныбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, қазір Руслан Берденов Алматыдағы клиникалардың бірінде емделіп жатыр, шенеунікке екінші отаны 13 тамызда жасау жоспарланып отыр.
"Берденовке ертең ота жасалады. Ота барысында оның денесінде қалған мылтық бытырасы алынады", - деді Тыныбек Tengrinews.kz-ке.
Айта кетейік, жуырда Руслан Берденов сот отырысына қатысты мәлімдеме жасады.
Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды.
Кейінірек күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мамырда Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов шабуылдан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады.
Ол 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!