• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды

Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол Мәжілістегі депутаттық өкілеттігін тоқтатып, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.

"Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен және Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Руслан Арысбекұлы Берденов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін ол Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болған еді.

Берденов туралы не белгілі?

1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді.

  • Еңбек жолын 2005 жылы "Алматы құс" ААҚ ("Сеймар"тобы) компаниясының бөлшек сауда директоры қызметінен бастады.
  • 2007 жылғы ақпан - 2010 жылғы шілде Procter & Gamble компаниясының бас логистикалық үйлестірушісі.
  • 2010 жылғы шілде - 2012 жылғы қараша "Eastcomtrans" ЖШС жылжымалы құрамды жалдау бөлімінің бастығы.
  • 2012 жылғы қараша - 2018 жылғы мамыр "Ақ ниет" ЖШС бас директоры.
  • 2018 жылғы қараша - 2019 жылғы сәуір "Ақ ниет" ЖШС байқау кеңесінің мүшесі.
  • 2019 жылғы сәуір - 2023 жылғы наурыз Aq niet Group байқау кеңесі төрағасының орынбасары.
  • 2023 жылғы 29 наурыздан бастап "Respublica" партиясының партиялық тізімі бойынша VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.
  • 2023 жылғы наурыздан бастап VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты "Respublica" партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget