- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Рұқсатсыз қажылық жасағандарға...
Рұқсатсыз қажылық жасағандарға айыппұл салынып жатыр
Рұқсатсыз қажылық жасағандарға айыппұл салынып жатыр , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚМДБ ресми сайтына сілтеме жасап.
Сауд Арабиясы Корольдігінің қоғамдық қауіпсіздік қызметі қажылық тәртібін бұзып, рұқсатсыз қажылық парызын өтеген қажыларға айыппұл сала бастады.
Мемлекеттік ақпарат агенттігі мәліметінше, қажылық жасауға және рұқсатты заңсыз алуға тыйым салу саясаты қамтылған аймақтарға Мекке қаласы, орталық аймақ, қасиетті жерлер, Харамайн теміржол станциясы, бақылау-өткізу пункттері, тексеру орталықтары және уақытша бақылау бекеттері кіреді. Ереже 2024 жылғы 20 маусымға дейін күшінде болады.
"Кез келген адамға, азаматтар, тұрғындар немесе келушілерге қажылық ережелерін бұзғаны үшін 10,000 саудиялық риал (2666 АҚШ доллары) айыппұл салынады, ал азаматтығы жоқтар өз елдеріне депортацияланады және белгілі бір мерзімге дейін Корольдікке қайта кіруге тыйым салынады.
Сонымен қатар, қажылық тәртібін бұзғандарды рұқсатсыз тасымалдап жүрген кез келген адам 6 айға дейін бас бостандығынан айырылып, 50 000 риалға дейін (13 328 АҚШ доллары) айыппұл төлейді және оның тасымалдаған көлігі тәркіленеді", - деп жазылған ҚМДБ хабарламасында.
Қоғамдық қауіпсіздік қызметі заңбұзушы резидент болса, жазасын өтегеннен кейін депортацияланатынын және заңға сәйкес белгілі бір мерзімге дейін Корольдікке қайта кіруіне тыйым салынатынын хабарлады.
Тасымалданған адам санына байланысты тәртіп бұзушыларға салынатын айыппұл мөлшері өседі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова