Әнші Ақбота Керімбекова марқұм Ажар Түзелбекқызын еске алып, жантебірентер жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ажартайдың нәзік те әсем үнін мәңгілікке ұмытылмастай етіп қалдырған Розажанның әнін жақсы көремін. Әттең, Ажар оны ұзағырақ орындағанда ғой. Бүгін мен үшін өте ыстық фото келді. Ажаржанды, жан құрбымды шынында қатты сағындық... Ажартай, өткенде өзіңді түсімде көрдім. Ақ сүйріктей боп жаныма келіп, қуанышыма ортақтасып жатыр екенсің. Рухың жанымызда жүр екен-ау, алтыным! Соңғы рет тілдескен күн дәл сол күнгідей әлі есімде. Балуан Шолақ атындағы стадионда берген концертімнен кейінгі сол бір күй, сенің жансыз бейнең... Өмір-ай!" - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз