Рудныйдағы "Соколовская" шахтасында жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға Соколовско-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігіне қарасты "Соколовская" кенішінде болды. Бұл туралы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтылды.
"280 метр деңгейжиекте жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін іліктастарды жинау кезінде тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған. Салдарынан жұмыскер қаза тапты.
"ССКӨБ" АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына қайғыра көңіл айтады. Марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетіледі", - делінген жауапта.
Оқиға қатысты тергеу басталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!