Рудныйдағы кісі өлтіру дерегі: екі жасөспірім ұсталды

Рудныйдағы кісі өлтіру дерегі: екі жасөспірім ұсталды
Фото: depositphotos.com

Қостанай облысының Полиция департаменті Рудныйда болған кісі өлтіру дерегі бойынша күдікті деп танылған екі жасөспірімнің ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін 23 қаңтарда көпқабатты тұрғын үйдің бір кіреберісінде Рудныйдың 19 жастағы тұрғыны өлі табылған.

Кейін полиция Рудныйдың 17 жастағы тұрғыны және Бейімбет Майлин атындағы ауданнан шыққан жасөспірімге іздеуге бағдарлама таратты. 

Полицияның мәліметінше, кісі өлтіруге күдіктілер марқұммен таныс болған. Қылмысқа жеке қарым-қатынастарға байланысты туындаған жанжал себеп болған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget