Рудныйдағы аялдамада Түркістан облысының 4 жасар баласы табылды

Қостанай облысы Рудный қаласында аялдамадан 4 жасар бала табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ересектердің қарауынсыз қалған баланы көрген өтіп бара жатқан адамдар бірден полицияға қоңырау шалды. Полиция мәліметінше, құзырлы органдар баланың киімінің қалтасынан анасының ЖСН нөмірін тапқан. 

"Полиция Рудный аялдамасынан табылған баланың анасын тапты. Ол кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Қазір бала қауіпсіздікте, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейді", - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз