Рудныйдағы екі 6 жасар баланың жұмбақ өліміне қатысты жасалған сараптама нәтижесі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қостанай облысы ПД өкілдерінің сөзінше, сот-медициналық сараптама жасалған. Нәтижесінде балалар уланғаны расталған.
"Тергеу аясында тағы бір сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша сарапшының сұрақтарына жауап табылуы керек", - деді полиция өкілдері.
Еске салайық, 14 қазанда Қостанай облысында 6 жасар екі бала жұмбақ жағдайда қайтыс болғаны хабарланған еді.
Полиция осы іс бойынша соталды тергеуді бастады. "Наша Газета" мәліметінше, мессенджерлерде әйел адам екі баланың өліміне есірткі себеп болуы мүмкін екені айтып жатқан аудио тараған.
"Үш күн бұрын әйел екі баласымен дүкенге барған, балалар сыртта қалған. Үйге келген кезде балалардың қолында белгісіз ер адам берген кәмпит болған. Кешке ұйықтар кезде ұлдары айғайлап, күле бастаған. Әйел балаларын көтерсе, олар өздігінен тұра алмаған. Осылайша, балаларды жедел жәрдем алып кеткен, бірақ келесі күні олар үйіне жіберілген. Сол күні екі бала жұмбақ жағдайда қайтыс болған", - деп жазады басылым.
Ал "Алау" басылымының мәліметінше, дәрігерлер балалар уланып қалған болуы мүмкін екенін айтады. Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаеваның сөзінше, балалардың өлім себебін сарапшылар анықтайды.
"Оның ішінде, улануға қатысты сараптама да тағайындалды. Уланып қалуы да мүмкін. Қазірдің өзінде қажет материал алынды. Токсикологиялық сараптаманың нәтижесі 12-14 күннен кейін белгілі болады", - дейді Ксения Жылқыбаева.
Артынша бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!