- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Рудныйда заңсыз криптовалюта...
Рудныйда заңсыз криптовалюта өндірумен айналысқандар ұсталды
Заңсыз майнерлердің қызметі Қостанай облысында тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Рудный қаласының аумағында бірқатар адам тиісті лицензиясыз заңсыз майнингпен Bitcoin қамтамасыз етілмеген цифрлық активін (криптовалюта) өндірумен айналысқаны анықталды.
"Заңсыз "майнерлер" салыстырмалы түрде 3 аудан орталығы немесе 27 орта мектеп, 13 аурухана тұтынатындай электр энергия көлемін пайдаланған, бұл жергілікті электр желілеріне орасан зор салмақ түсірген. Тінту нәтижесінде 150-ге жуық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (ASIC), оларды салқындатуға арналған құрылғылар, Wi-Fi роутерлер, ұялы телефондар мен ноутбуктер тәркіленді", - делінген хабарламада.
Агенттіктің цифрлық активтермен айналысатын арнайы бөлімшесі заңсыз өндірілген Bitcoin түскен криптобиржадағы аккаунтарды анықтады. Алдын ала есеп бойынша заңсыз қызметтен түскен қаржының жалпы айналымы 100 млн теңгеден асады.
Соттың санкциясымен күдіктінің мүлкіне және криптовалюта аккаунтында сақталған заңсыз өндірілген цифрлық активтерге тыйым салынды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің істері бойынша 2024 жылы цифрлық активтердің заңсыз айналымы саласында 7 үкім шығарылды, олар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық жолмен алынған құны 1,2 млрд теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы