- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Рудныйда шекарадан заңсыз...
Рудныйда шекарадан заңсыз өткен шетелдік ұсталды
Фото:
ІІМ
Рудныйда шекарадан заңсыз өткен шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл деректі көші-қон қызметінің қызметкерлері анықтады. Полицейлер Өзбекстан Республикасының 54 жастағы азаматының құжаттарын тексеру кезінде оның шекарадан заңсыз өткенін анықтады.
Осы дерек бойынша соталды тергеу басталды.
"ҚР Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін 1 мың АЕК мөлшерінде айыппұл не бір жылға дейін бас бостандығынан айыру, республикадан бес жыл мерзімге шығарып жіберу түріндегі жаза көзделген", - деді Қостанай облысы ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мұрат Ахметжанов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова