8 қарашаға қараған түні Рудныйда жылу трассасы жарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі tengrinews.kz сілтеме жасай.
Құбыр жарылғаны жайлы бейне Наша газета телеграмм арнасында жарияланған. Бейнеде судың үлкен екпінмен ағып жатқанын байқауға болады.
Оқиға Рудныйдың Топоркова көшесінде орын алған.
"Аудан тұрғындары жақында бұл аймаққа жаңа құбырлар тартылғанын айтады, десе де үйлер жылусыз қалды", - делінген дереккөзде.
Әкімдік коммуналдық қызмет жұмысшыларының жөндеу жұмысына кірісіп кеткенін жеткізді. Мамандар оқиға орнында шығын көлемін анықтап, құбырдың бүлінген бөлігін ауыстыру шараларын жүргізіп жатыр. Шенділер зардап шеккен үйлерге жылу беруді тез арада қалпына келтіруге тырысатындарын жеткізді.