Кеше Рудныйда Горняков көшесінде жылу өтетін жолда жарылыс болып, тұрғындар жылусыз қалған еді. Әкімдік өкілдері жылу жүйесі қалпына келтірілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Костанайские новости".
Қала әкімдігі мәліметінше, 20 қаңтардағы сағат 01:30-дағы жағдай бойынша Горняков көшесіндегі диаметрі 530 метр болатын жылу магистралі қалпына келтірілген.
"Жол сумен толтырылып жатыр. Әрі қарай үйлер мен басқа да нысандар іске қосылады", - деген әкімдік өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысы Рудныйда 100-ге жуық үй мен ғимарат жылусыз қалғаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!