Рудныйда жұмысшы кәріз құдығына түсіп, қаза тапты

Рудныйда жұмысшы кәріз құдығына түсіп, қаза тапты
Фото: pixabay.com

30 тамызда Рудныйдағы Транспортная көшесінде кәріз құдығынан жұмысшы ер адамның денесі табылды. Ол кәріз құдығына тазарту жұмыстарын жүргізген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі iagorodkz-ке сілтеме жасап.

Аймақтық ТЖД ақпараты бойынша, 31 жастағы ер адамның қайтыс болғанын жедел медициналық жәрдем бригадасының дәрігерлері хабарлаған.

Өлім себебі анықталып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жапатова