Рудныйда орталық қосалқы стансадан келетін электр сымы зақымданып, салдарынан қаланың кейбір бөлігінде жарық сөніп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Рудный әкімдігінің хабарлауынша, қаладағы төрт көше жартылай жарықсыз қалған.
Ақау анықталып, "Атика" ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Жағдай Рудный әкімдігінің бақылауында", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз