Рудныйдағы бір қабатты дәмхананың асханасынан өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Өрт аумағы 9 шаршы метр болған.
"Өрт кезінде төтенше жағдайлар қызметі бір газ баллонын қауіпсіз жерге жеткізді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!